Архив событий

03/04/2017

Арыс аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

03/04/2017

Арыс аудандық сотында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы ОҚО филиалының судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі С.Дзюлиев соттың қызметкерлерімен, кәсіби емес медиаторлармен, аудан тұрғындарымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

03/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 15 наурызындағы ұйғарымымен «Компания Шин Line» ЖШС-гі «ШымНурСервис» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Төлеби аудандық сотында даулардың сотқа дейнгі реттелуін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында азаматтық іс тоқтатылды

03/04/2017

Төлеби аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба негізінде заңды некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Емдеуді қажет ететін алкоголизммен ауыратын науқас наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

03/04/2017

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында арызданушылар ОҚО ІІД,  Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы «облыстық наркологиялық диспансері» МКҚК-нің алкоголизммен ауыратын науқас К.-ны наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

03/04/2017

Таяуда «РИЦ «Оңтүстік» ЖШС-нің жауапкерлер Ж.А., А.Т. және Е.Т.-ден заем шарты бойынша ортақ түрде қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптарға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты іске қосқан дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен келісімге келу құқықтары түсіндірілді. Белгіленген уақыт ішінде тараптар өзара медиативтік келісімге келіп, іс өндірістен тоқтатылды.

Ордабасы аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

03/04/2017

Ордабасы аудандық сотында 18.03.2017 жылы «Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың алдын алу және болдырмауды жетілдіру және күшейту» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, сот әдебі жөніндегі комиссияның мүшесі С.Дзюлиевтің, Ордабасы аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаев пен судьялар А.Қалықұл және С. Қойтекееваның, сот қызметкерлерінің, адвокаттар мен БАҚ өкілдерінің және аудан тұрғындарының қатысуымен ашық есік күні өткізілді.