Архив событий

07/04/2017

Қазығұрт аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2017

Қазығұрт аудандық сотында «Сот аткілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың төрағасы Қ.Қоңырбаев, аудан прокуроры О.Марин, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының өкілі Д.Кулимов, аудандық әділет басқармасының өкілі Е.Абдрасилов, аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері Б.Нұран және Н.Сатыбалдиев, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Ж.Кененбаева, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Т.Пинжебаева, жеке сот орындаушылар А.Бекмырзаев, К.Жанысбаев, С.Қалымбетов, Б.Алтынбеков қатысты.

Төлеби аудандық соты қызметкердің өрескел бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтірді

07/04/2017

ОҚО Төлеби аудандық соты талапкер А.-ның жұмыстан шығару туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне жалақы және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер А. «Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгер қосалқы мектеп-интернаты» КММ-не тәрбиеші болып жұмысқа қабылданған.

18.04.2016 жылы жұмыс берушінің бастамасымен ҚР Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-бөлімі 14-тармағына сәйке еңбек шарты бұзылған.

Тараптар судья медиатордың көмегімен медияциялық келісімге келді

07/04/2017

Арыс аудандық сотында талап қоюшы С.Ж.-ның жауапкерлер А.А.-мен К.А.-дан ортақ түрде 3 778 500 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкерлер А.А. мен К.А. талап қоюшы С.Ж.-дан 3 778 500 теңгені қарызға алып, бір айдың көлемінде қайтарып беруге міндеттенген және ол туралы жазбаша қолхат берген.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Е.Бектұрғановтың ұйымдастыруымен Жоғарғы Сот Төрағасының бұрыштамасына сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылған жол-көлік оқиғалары нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында сақтандыру компанияларының филиалдарына судьялардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен бекітілген электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсынуды қарастыратын пилоттық жобасын орындау мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді.