Архив событий

13/04/2017

Сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді сотқа жолдау тәртібі түсіндірілді

13/04/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 6.04.2017 жылдың 6 сәуірінде   сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалар үшін «Сот кабинеті»  ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді электрондық түрде жолдау туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Пилоттық жоба аясында медиация

13/04/2017

Сайрам аудандық сотында талапкер З.С. жауапкер К.А.-дан моральдық зиян және материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс кәсіби медиатордың көмегімен қос тарап келісімге келіп, жауапкер шығынды өтеуге, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Сот ұсынылған келісімнің заңдылығын тексеріп, тараптарға осы келісімнің салдарын түсіндіріп, бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Контробандалық мүліктің ақшасы мемлекет пайдасына өндірілді

13/04/2017

Еңбекші аудандық сотында талапкер Еңбекші аудандық  прокуратурасының ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі иесіз мүліктің ақшасын мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызы негізінде азаматтық іс қаралды.

Студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті

13/04/2017

12.04.2017 жылы Мақтаарал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Іс шараға Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Қ.Дүйсебеков, соттың судьялары мен қызметкерлері, Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университетінің ұстаздары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Сарыағаш аудандық сотының судьясы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты «Бақытты отбасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде баяндама жасады

13/04/2017

Сарыағаш аудандық сотының судья Б.Каипов 13 сәуір 2017 жылы Сарыағаш ауданы Қапланбек елді мекенінде орналасқан №13 орта мектепте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты «Бақытты отбасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.