Архив событий

21/04/2017

Төле би аудандық соты 2017 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылады

21/04/2017

Төле би аудандық сотының төрағасы Б.Кәрім аудандық прокуратураның, құқық қорғау органдарының, Төле би аудандық заң кеңсесінің, аудан әкімдігінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша брифинг өткізді.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында: «Корпоративтік даулар бойынша туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/04/2017

Дөңгелек үстелдің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен судьялары, Шымкент қаласы әкімдігінің, облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының, Әділет департаментінің, Адвокаттар алқасының және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Түркістандағы Халықаралық университетте болашақ заңгерлерге дәріс оқыды

21/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында интерактивті форматта дәріс оқыды.

Құқықтық сауаттылық айлығының аясында студенттер үшін семинар өткізілді

21/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты өткізіп жатқан құқықтық сауаттылық айлығының іс-шаралар жоспары шеңберінде облыстық соттың Оқу орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Тергеу судьясы институты – адамның және азаматтардың конституциялық құқығының сақталу кепілі» тақырыбында ұйымдастырған семинарды облыстық соттың судьясы Б.Байдуллаев өткізді.

Облыстық соттың судьялары жоғары оқу орнында семинар өткізді

21/04/2017

Құқықтық ағарту бойынша айлық аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов және облыстық соттың судьялары К.Жаппасова мен Т.Смайлова Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетте «Азаматтық процестік кодекстің мақсаты ‒ азаматтардың құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізді.

Төлеби аудандық соты 2017 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылады

21/04/2017

Төлеби аудандық сотының төрағасы Б.Кәрім аудандық прокуратураның, құқық қорғау органдарының, Төлеби аудандық заң кеңсесінің, аудан әкімдігінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша брифинг өткізді.