Архив событий

28/04/2017

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында «ашық есік» күні өткізілді

28/04/2017

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында сот  төрағасы Е. Рахманберді азаматтардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтары  бойынша «Ашық есік» күнін өткізіп  азаматтарды қабылдады. Келген азаматтарға қолданыстағы заңнын талаптары жан – жақты түсіндірілді.

Заңсыз қару иемденген

28/04/2017

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлімімен азамат Б.Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

46 000 000 теңгеге қатысты дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

28/04/2017

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкерлер С.Б. және С.С.-ның жауапкер Б.А.-ға  кепіл шарты және қол хат бойынша 46 000 000 теңге өндіру туралы, қарсы талап арыз бойынша талапкер Б.А.-ның жауапкерлер  С.Б., С.С.-ға қол хатты жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 597 476 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

28/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 20 сәуірдегі ұйғарымымен «Ц.» ЖШС-гі «Куатжылуорталык-3»  МКК-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Рухани залал келтіргені үшін моральдық залал өндірілді

28/04/2017

Қазығұрт аудандық сотында талапкер Д.К.-ге жауапкер Б.Ш.-ның моральдық залал келтіргені туралы азаматтық іс қаралды. Талап арызда талапкер жауапкердің өзін ұрып-соғып, «жеңіл» дәрежедегі дене жарақатын салып, рухани залал келтіргені үшін 200 000 теңге өндіріп беруді сұраған. Істі сотта қарау барысында жауапкердің кінәсі дәлелденген.