Архив событий

10/05/2017

Зергерлік бұйымдарды көп мөлшерде жымқыру

10/05/2017

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол зергерлік дүкенде тауарды сату менеджері қызметінде жұмыс жасап жүріп, материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт бойынша жауапты тұлға бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті  өз пайдасына жымқырып, 3 ай бойы өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, 1 003 450 теңгеге татитын 16 алтын бұйымдарды зергерлік дүкеннен шығарып, оларды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз пайдасына жаратқан.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 499 000 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

10/05/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «К.Ф.Ц.» ЖШС-гінің «НПО «А.Ф.» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, оған сәйкес 2017 жылғы 25 мамырға дейін жауапкер талапкерге 16 618 917 теңге қарызын төлеуге міндеттенді.