Архив событий

25/05/2017

Азаматтық іс оңайлатылған тәртіппен қаралды

25/05/2017

Мақтаарал ауданының № 2 сотына талап қоюшы ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, онда 18.06.2007 жылғы банктік заем шартының негізінде жауапкер М.-дан 349 923,6 теңге қарыз сомасы мен 10 497,71 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

Іс бойынша жауапкердің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамай, банктік заем шарты бойынша қарызын қайтармағаны анықталған.

Шетел азаматына айыппұл салынды

25/05/2017

Кентау қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы С.М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 035 теңге айыппұл салынды.

Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын насихаттау бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда

25/05/2017

Таяуда Сайрам аудандық сотында талапкер А.С. жауапкер Г.Р.-ға неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Келісімге сай, жауапкер талапкерге жанұяны сақтап қалу мақсатында талапкерден кешірім сұрап, келешекте жанұяда татулықты сақтауды міндеттеме берді, ал талапкер міндеттемесімен келісіп, өз кезегінде жанұяны сақтап қалуға ықпал жасай отырып, талап арыздан бас тартты. Сот ұсынылған келісімнің заңдылығын тексеріп, оны бекітті.

Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға

25/05/2017

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында ел Президенті Н.Назарбаев ашқан «Қазақстан халқы Ассамблеясының» жаңа ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» тақырыбындағы ХХ сессиясы өтті.