Архив событий

26/05/2017

Қаратау аудандық сотында «Жекеше айыптау істеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/05/2017

Дөңгелек үстелге Қаратау ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері және БАҚ-ның өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстелде жекеше айыптау істері бойынша өтініштерді тіркеу тәртібінің сұрақтары және оларды қарау ерекшеліктері талқыланды.

Экономикалық соттың төрағасы Б.Диханбаев: «Жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қатысты рәсімдер жетілдіруді және құқықтық реттеуді қажет етеді»

26/05/2017

Жуырда Шымкент қаласында «Төлемге қаблетсіз мекемелерді басқару: жағдайлары, мәселелер және келешегі» тақырыбында республикалық форум өтті.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

26/05/2017

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) айыпталған М.Ж.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды. 

Іс материалдарына сай, сотталушы М.Ж. 2017 жылдың 11 сәуірінде сағат шамамен 11:00-де Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі бойында жәбірленуші А.С.-ға қарсы күш қолданып, ұрып-соғып жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

26/05/2017

Сот отырысында құқық бұзушы Т.-ның 02.05.2017 жылы сағат 22.00 шамасында өзінің басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін ҚР ЖҚҚ-ның 2.4.2. тармағын бұзып, Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Тайғанов көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген. 

Дәрілік заттарды заңсыз айналымға салған

26/05/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 453 800 тенге айыппұл салынып, фармацевтикалық кәсібіне тыйым салынды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында  И.А.-ның 16.03.2017 жылы жеке кәсіпкер бола тұра Қазақстан Республикасында тіркелмеген  ААҚ «Тверь фармацевтикалық  қоғамы» өндірген женьшень тұнбасын айналымға салғаны анықталды.

Жоғарғы сынып оқушыларына сот жұмысы таныстырылды

26/05/2017

Төлеби аудандық соты жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесу үшін бітіру емтихандарының қарсаңында Леңгер қаласындағы №5 гимназия-мектебінің бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды.