Архив событий

29/05/2017

Сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылды

29/05/2017

Құқық бұзушы Ш.А. Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының 11.07.2012 жылғы сот бұйрығы негізінде өндіріп алушы Х.Е. пайдасына, еңбек табысының немесе өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент төлеуі тиіс болған, алайда ол аталған сот актісін орындаудан жалтарған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының  қаулысымен  құқық   бұзушы   Ш.А.  Қазақстан   Республикасы   ӘҚБтК-нің 669- бабымен  кінәлі деп танылып, оған  3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өтті

29/05/2017

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сол бағытта жұмысты күшейту мәселесі бойынша семнар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы С.Тоқбергенов жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот отырысының хатшыларына сотта қаралып жатқан істер бойынша тараптармен және бөгде адамдармен іс жүргізуге қатысы жоқ процессуалдық емес қатынастарды болдырмау туралы ескертті.

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

29/05/2017

Түлкібас аудандық сотында талапкер А.А.-ның жауапкер К.Ф.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Төрағалық етуші судья тараптарға бітімге келуге барлық жағдай жасалып, медиация келісімін жасауға жеткілікті уақыт берді.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар кәсібі медиатор А.Тулесовтың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Өзбекстан Республикасының 10 азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілді

29/05/2017

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 10 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жоғарғы сынып оқушыларына сот жұмысы таныстырылды

29/05/2017

Төлеби аудандық соты жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесу үшін бітіру емтихандарының қарсаңында Леңгер қаласындағы №5 гимназия-мектебінің бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды.