Архив событий

31/05/2017

Ордабасы аудандық сотында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді

31/05/2017

Ордабасы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың алдын алу және болдырмауды жетілдіру және күшейту туралы» судьялардың, прокуратура, адвокаттар, ішкі істер, күзет бөлімінің қызметкерлерінің және «Ордабасы оттары» газеті өкілінің қатысуында дөңгелек үстел өткізілді.

Әкесін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

31/05/2017

Құқық бұзушы Ф. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған болса да, 18.04.2017 жылы сағат 01.00 шамасында өзінің Атакент кентінде орналасқан үйінде алкогольді масаң күйде әкесі М.-ны себепсіз былапыт сөздермен балағаттап, отбасының шырқын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/05/2017

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі  бойынша жеке кәсіпкер К.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы жеке кәсіпкер К.Е. Арыс қаласы, Н.Исмайлов көшесінде орналасқан үйде, тіркеусіз, арнайы рұқсатсыз түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өткізу жөніндегі қызметпен айналысқан. Тексеру барысында 6500 кг түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары айғақтық зат ретінде алынған.

Тараптар медиация көмегімен татуласты

31/05/2017

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына азаматша К. азаматша А.-ға қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Істі қарау барысында тараптардан медиация рәсімін жүргізу туралы өтініш түскен.

Медиациялық келісім бойынша, азаматша А.азаматша К.-ға 2018 жылдың шілденің 10-на дейінгі мерзімде тараптар арасында ерікті түрде рәсімделген қарыз ақшаны төлеу тізілімі бойынша 4 689 680 теңге құрайтын қарыз ақшаны төлеуге міндетеніп, ал азаматша К. өз кезегінде талап арыздан толығымен бас тартқан.