Архив событий

06/06/2017

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жөнінде хабарламаны берместен, құрылыс жұмыстарын жүрігізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/06/2017

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі  бойынша құқық бұзушы Г.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Г.К. Арыс қаласы Қазыбек би көшесі №65 үй мекенжайы бойынша, дүкен құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жөнінде хабарлама берместен, құрылыс жұмыстарын жүрігізген.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/06/2017

Созақ аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша Созақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілі А.Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А.Г. азаматтық іс бойынша тарап болып табылатын Созақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілі бола тұра, өтіп жатқан  сот отырысына бірнеше рет белгісіз себептермен келмеуіне байланысты сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылған.