Архив событий

07/06/2017

Көрінеу жалған нөмірмен көлік басқарғаны үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

07/06/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны М.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде 1 жыл  мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Ерлі зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

07/06/2017

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.Ш.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, құқық бұзушы Ж.Ш. Бәйдібек ауданы, Жыланды аулындағы өз үйінде жұбайы И.Г.-ге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап, тиісіп, отбасының тыныштығын бұзған.

Судья тараптарға істі медиация тәртібімен татуласып, тоқтату мүмкіншілігі барын түсіндірген соң, істі қарау барысында тараптар сотқа медиациялық келісім ұсынды.