Архив событий

14/06/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты бейнеконференцбайланысты қолдану бойынша семинар өткізді

14/06/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты ҚР ІІМ ОҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қылмыстық істер бойынша материалдарды қарау кезінде бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдануды түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Азаматтық іс пилоттық жоба аясында қысқартылды

14/06/2017

Түркістан қалалық сотында талапкер И.З. жауапкер А.Р.-дан қарыз ақша өндіру туралы  талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабы 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптар кәсіби медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Сот азаматтың құқығын қорғады

14/06/2017

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында талапкер «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер И.М.-дан ақша қаражатын мемлекеттің пайдасына өндіру туралы азаматтық іс қаралды.