Архив событий

26/06/2017

Негізсіз қабылданған құқық құжаттары жарамсыз деп танылды

26/06/2017

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы «Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Т.-ға, А.-ға, Шымкент қаласының әкіміне және басқаларға жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, жер теліміне жеке меншік құқығын беретін актіні, сату-сатып алу шартын және олардың тіркеуін жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Аудандық сот төрағалары «Қазақстан полициясына 25 жыл» медальмен марапатталды

26/06/2017

Қазақстан полициясы күніне орай Мақтаарал, Ордабасы аудандық Ішкі істер басқармаларында салтанатты жиындар өтті. Іс-шаралардың барысында аудандық Ішкі істер басқармаларының басшылары Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Н.Құламқадырұлына және Ордабасы аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаевқа аудандық сот төрағасының қызметін мінсіз атқарып, ішкі істер органымен бірлесе отырып жұмысты ұйымдастыруға елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясына 25 жыл» ведомстволық медалдарын салтанатты түрде тапсырды.