Архив событий

12/07/2017

Сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін 48 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

12/07/2017

2017 жылдың 6 айында Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін 48 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот залынан

12/07/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылғы 10 қазан күні Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №277 ғимаратында орналасқан «Пандора» түнгі клубында А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлы көңіл көтеріп отырған. Содан түнгі 03:30 шамасында би алаңында Б.Сақ пен Б.Шажалы иықтарымен соқтығысып қалып, араларында ерегіс туындап, қоғамдық орында ұрыс шығарған. Нәтижесінде сотталушылар А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлы жәбірленуші Б.Саққа қарсы күш қолданып, ұрып соққан. Сол кезде А.Нурдилдаев өзімен бірге заңсыз алып жүрген атыс қаруымен Б.Сақты атып, оған қаза келтірген.

Жұмысшының бұзылған еңбек құқытары қалпына келтірілді

12/07/2017

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер А.-ның жауапкер Шымкент қаласы білім бөлімінің мектебіне ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларды қолдану туралы бұйрықтарды жарамсыз деп тану, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, еңбек кітапшасына түзетулер енгізу, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы және моральдық зиян өндіру туралы азаматтық іс қаралды.