Архив событий

22/09/2017

Арыс аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/09/2017

Арыс аудандық сотында «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2017 жылдың 26 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т. Баратбеков облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді

22/09/2017

2017 жылдың 26 қыркүйегінде  сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т. Баратбеков облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді.

Ордабасы аудандық сотында «Терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

22/09/2017

Семинарға Ордабасы  аудандық сотының торағасы Қ.Мұсаев, аудан прокуроры Б.Тұяқбаев, ОҚО Ордабасы АІІБ өкілі Н.Рүстем,  ОҚО МКҚБ ММ 2 ПБ полиция  өкілі А.Жақсылық, адвокаты Т.Жүсіп қатысты.

Сот төрағасы ауылдық округтерге барып аудан тұрғындарын қабылдады

22/09/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов аудан әкімшілігімен келісілген кестеге сай, сот ашықтығын қамтамасыз ету, аудан халқы арасында туындап отырған көптеген дауларды сотқа дейін реттеу бойынша құқықтық насихат жұмыстарын жүргізіп, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшетуді насихаттау және мемлекеттік тілді дамыту аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданы бойынша 5 ауыл округ (Майлыкент, Ақбиік, Т.Рысқұлов, Тастұмсық, Жаскешу) тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Абай аудандық сотында жәбірленушілер мен куәлердің сотқа келуін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды

22/09/2017

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында өткізілген «Дөңгелек үстел» мәжілісінде жәбірленушілер мен куәлердің сотқа келу қамтамасыз ету жөнінде мәселелер талқыланды.

Арыс аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізді

22/09/2017

Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев судьялардың, прокуратура, ІІБ-нің қызметкерлерінің, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізді.

Созақ аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

22/09/2017

Созақ аудандық сотында «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және әкімшілік хаттама толтыру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық прокуратура және Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, әділет басқармасының басшысы мен БАҚ өкілдері қатысты.