Архив событий

18/10/2017

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

18/10/2017

Шымкент  қаласының  Қаратау аудандық  сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба (АБЖ) құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Сайрам аудандық сотының бастамасымен тренинг-семинар өткізілді

18/10/2017

Сайрам аудандық сотының бастамасымен Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінде аудандық сот төрағасы Б.Тыныбековтың, «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі өкілдерінің, Сайрам ауданының 42 кәсіби емес медиаторлары және Сайрам ауданында орналасқан мектептердің педагог-психологтарының қатысуымен «Дауларды (жанжалдарды) міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу мәселелері» тақырыбында  тренинг-семинар өткізілді.

Мемлекетке келтірілген залалды өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

18/10/2017

Оңтүстік  Қазақстан облысы  Шардара аудандық  сотында сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады

18/10/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында ағымдағы жылдың тоғыз айында соттардың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыстарын қорытындылауға арналған өңір судьяларының жалпы отырысы өтті.                          Кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы, облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары қатысты.