2017 жылдың 26 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т. Баратбеков облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 26 қыркүйегінде  сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т. Баратбеков облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының кез келген тұрғыны Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтында (uko.sud.kz) «Төраға блогындағы» «Сұрақ-жауап» платформасына соттар жұмысына, сот төрелігін жүзеге асыру, оның ашықтығын, мөлдірлігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар.

Түскен сұрақтар кешіктірілмей қарастырылып, сұралған ақпараттар мен тиісті түсіндірулер беріледі.

Онлайн-конференцияны Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т.Баратбеков тұрақты түрде әр айдың соңғы сейсенбі күні өткізіп отырады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі