39 шетел азаматына салынған 1 548 573 теңге әкімшілік айыппұл өз еркімен мемлекет пайдасына төленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының 39 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматтары шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 39 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, жалпы 1 548 573 теңге әкімшілік айыппұл салынып, құқық бұзушылар салынған айыппұлды өз еркімен толығымен мемлекет пайдасына төледі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі