Абай аудандық сотында жәбірленушілер мен куәлердің сотқа келуін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында өткізілген «Дөңгелек үстел» мәжілісінде жәбірленушілер мен куәлердің сотқа келу қамтамасыз ету жөнінде мәселелер талқыланды.

Мәжілістің модераторы - аудандық соттың төрағасы С.Тоқбергенов, судьялар К.Мылтыкбаев, Э.Бакирова, Шымкент қаласының Абай аудандық прокурорының орынбасары, ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Абай полиция бөлімінің Анықтау және тергеу бөлімшілердің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының ОҚО бойынша Департаментінің, ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және Шымкент қаласының Абай аудандық заң кеңесінің адвокаты Г.Темирова жәбірленушілер мен куәлердің өз құқықтарын қорғау және олардың міндеттері туралы сұрақтарды талқылады.

Сот төрағасы С.Тоқбергенов «Дөңгелек үстел» мәжілісін аша отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқаратыны жөнінде еске салды.

Жәбірленушілер полиция органына материалдық, моральдық зиян келтірген тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арыз бергеннен кейін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында жымқырған мүлікті өздеріне қайтарып алған соң, қылмыстық іс сотта қаралған кезде сот органның шақыруы бойынша келмей, өз құқықтарын пайдаланып отырады, алайда оларға процестік заң нормаларымен жүктелген өз міндеттерін орындамайтыны проблемалық сұрақтардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 71-бабының 8-бөлігіне, 78-бабының 4-бөлігіне сәйкес жәбірленушілер мен куәлер қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға, іс бойынша болғанның бәрін хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті.

Тергеу әрекеттері жүргізілген кезде жәбірленушілер мен куәлердің міндеттерінің дұрыс түсіндірілмеуі сот төрелегін уақытылы және тиісті жөнелтуде бірқатар шиеленістерге апарады.

Аталған сұрақтар бойынша талдау нәтижесінде шешім қабылданды – тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтаушылар және тергеушілер жәбірленушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру барысында, олардан өз қолымен жазылған сотқа келу туралы міндеттеме алып, сондай-ақ сотқа келмеген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны жөнінде түсіндіру қажет.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі