Адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасы үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 08 желтоқсан күні Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен В.Л.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен сотталушы В.Л. 20.10.2014 жылы «ВАЗ-21093» автокөлігін басқарып келе жатып, жол қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпей, жәбірленуші К.Б.-ны абайсызда соғып, өлімге әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сот сотталушы В.Л.ға аталған баппен 2 /екі/ жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 /бір/ жыл 6 /алты/ айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сот залынан қамауға алынды, сотталушы В.Л. жәбірленуші өкіліне материалдық және моральдық шығынды өтегенімен, ол адам өліміне әкеп соққан қылмыс жасағанын ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген

Қайнар: 
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық соты