Алаяқтық жасаймын деп жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен айыпталған С.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарынан сотталушы С.С.-ның 24.02.2017 жылы К.А.-ға мал базарының құжаттарын рәсімдеп беремін деп 230 000 теңге сұрап, осы қаражатты алу барысында ұсталғаны анықталған.

Аталған істі сотта қарау барысында сотталушы С.С. өз айыбын толық мойындап, өзі жалғыз шешесімен ғана тұратынын, табыс көзі жоқ екенін, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, қатаң жаза тағайындамауды сұраған.

Сот үкімімен С.С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылды, оның жеке мүлкі тәркіленіп, құрылыс саласына қатысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі