Алимент төлемегені үшін жүргізуші куәлігін қолдануға шектеу қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында жасөспірім балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін борышкердің жүргізуші куәлігін қолдануды тоқтата туралы жеке сот орындаушысының ұсынымы қаралды.

Борышкер К.О. кәмелет жасына толмаған балаларын асырып бағу үшін табысының 1/3 мөлшерде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт орындамаған. Қазіргі таңда оның алимент бойынша берешегі 1 152 936 теңгені құраған.

Жеке сот орындаушының тарапынан сот актісін орындау туралы бірнеше рет борышкерге ескерту жасалған. Алайда борышкер ескертулерден нәтиже шығармай, алимент төлеуден жалтарған.

Соттың ұйғарымымен жеке сот орындаушысының ұсынымы қанағаттандырылып, борышкер К.О.-ның жүргізуші куәлігін қолдану мүмкіндігі алимент бойынша берешекті толық төлегенше тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі