Атыс қаруын заңсыз алып жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  24 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Ж.Төлеміс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 251 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

  Сотталушы Ж.Төлеміс 27.10.2014 жылы, сағат 22:00 шамасында ОҚО ІІД ҰҚҚБ-ның қызметкерлерімен, шұғыл шаруа жүргізу барысында, Шымкент қаласы, Турекулов көшесі мен Орынбай көшелерінің қиылысында орналасқан «Құлжа» кафесінде ұсталып, жеке басын тінту барысында оң жақ белінің белбеуіне қыстырулы болған, сот-баллистикалық сараптамасының қорытындысына сай, атыс қаруы болып табылатын, «ТТ» маркалы №ЧГ-2844 1944 тапаншасы айғақты зат ретінде алынған, яғни ол атыс қаруын заңсыз алып жүріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасаған.

Үкім заңды күшіне енген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.