Аудандық сот пен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бөлімі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасының шеңберінде соттарда азаматтарға электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) беру ісін оңайлату мақсатында Мақтаарал ауданының №3 аудандық соты мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақтаарал ауданы Асықата кенті бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Азаматтар «Сот кабинеті» сервисін қолданайын десе, ЭСҚ рәсімдей алмағандарын айтып бірнеше рет шағымданған болатын.  Электронды сот ісін жүргізуді дамыту мақсатында енді Асықата кенті тұрғындарына сот ғимараты ішінде кейбір мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.

Азаматтарға ЭСҚ алудан бөлек, автоматтандырылған электрондық анықтама мен өзге де қажетті құжаттар алу мүмкіндігі туды. Бұл жерде келушілерге мемлекеттік қызметттерді «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақтаарал ауданы Асықата кенті бөлімінің маманы көрсетеді.

Жауапты сот қызметкерлері жұмыс уақытында «Сот кабинеті» арқылы электронды арыз бергенде қажетті көмек көрсетіп, сервис жұмысына байланысты өзге де сұрақтарға жауап береді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі