Аудандық сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

11.12.2014 жылы Сарыағаш аудандық №2 сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарына аудандық сот төрағасы мен судьялар тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Пікірталас барысында Қошқарата, Біртілек, Абай ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы Абай ауылының әкімі аппаратында  тіркелген тәжірибелі қоғамдық медиаторлар М.Сұлтахан, Е.Сагиндыковтар, ТОО МКО «АрнурКредит», ТОО МКО «KazMicroFinance» банктерінің өкілдері,Келес заң консультациясының адвокаттары қатысып  өз ойларын ортаға салды.

Қайнар: 
Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі