Аудандық сотта «Жер даулары», «Меншік құқығын тану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық сотында 2014 жылдың 26-қараша күні «Жер даулары», «Меншік құқығын тану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге  отырысына аудандық соттың судьялары, аудан прокуратурасы, аудан әкімдігінің, қала әкімдігінің, ауылдық округ  әкімдіктерінің, әділет басқармасының, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің, аудандық жер кадастр бөлімінің, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері, аудандық заң консультациясының адвокаттары мен жеке дара адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Осы дөңгелек үстелде өз бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайтыны, меншік құқығын растайтын құжаты жоқ адамның ол мүлікке билiк етуге - сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға - құқығы жоқ екені айтылды. Сонымен бірге мәмілені жарамды деп табудың заңды негіздері талқыланды. Қорғаушыларға талап-арызды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу қажет екені, ал жергілікті атқарушы орган өкілдеріне тұрғындар арасында құқықтық насихат жүргізу қажеттіліктері айтылып, пікірлер алмасты.

Аудандық соттың төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және басқа да қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді.

 

Қайнар: 
Сарыағаш аудандық сотының баспасөз қызметі