Жаңалықтар

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді

07/12/2023
Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:
Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.
Түркістан облысының Отырар аудандық сотында 06 желтоқсан 2023 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, 60 375 (алпыс мың үш жүз жетпіс бес) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

АДВОКАТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ!

06/12/2023
АДВОКАТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ!
05 желтоқсан 2023 жылы Қазақстан Республикасының адвокаттар күні қарсаңында Түлкібас аудандық сотының ғимаратында салтанатты іс-шара өтті.
Оған Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Ырсымбетов, судьялар Б.Турабай, А.Муханова және аудандық адвокаттар кеңесінің адвокаттары А.Багисбаев, С.Утельбаева, А.Аяпбергенова, А.Кадирова, А.Қадыр қатысты.

Бәйдібек аудандық сотында сот төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен «ЖШС Арнұр Кредит МҚҰ», «Позитив Securities» Коллекторлық агенттігі», «Коллекторлық агенттігі», «Эксперт Плюс" ЖШС-нің өкілдерінің қатысуларымен кездесу өтті

05/12/2023
Бәйдібек аудандық сотында сот төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен және судья Ж.Қосалбаев, «ЖШС Арнұр Кредит МҚҰ» өкілі Н.Б.Байжанұлы, «Позитив Securities» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің өкілі А.Ж.Турабекова және «Коллекторлық агенттігі» «Эксперт Плюс» ЖШС-нің өкілі Б.Елеусизовтың қатысуларымен ватсап желісі арқылы кездесу өтті.

Моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталды

05/12/2023

Моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталды

Талап қоюшы Д. талап қоюында жауапкер Ж-дан қызының денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 300 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұраған.

Талап қоюшы Д. және жауапкер Ж. қазіргі таңда өзара дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келгендері туралы түсініктеме беріп, аталған келісімді бекітуді сұрады.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

04/12/2023
Апостиль дегеніміз не?
Апостиль дегеніміз – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. Апостиль мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.

Лицензиясыз алкоголь ішімдіктерін сату үш дара кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.

04/12/2023
Шардара аудандық сотының хабарламасы бойынша:
Лицензиясыз алкоголь ішімдіктерін сатқаны үшін дара кәсіпкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Үш азамат дара кәсіпкерлер бола тұра, өздерінің дүкен сөрелерінде алкогольді өнімдерді лицензиясыз саудалаған. Салық органдарымен тексеру барысында жасалған актіге сәйкес кәсіпкерлер Т.-ның 623 дана, Ж.-ның 371 дана, ал Н.-нің 592 дана алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқаны анықталып, аталған өнімдер алынып қойылған. Нәтижесінде дара кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Үш іс медиациялық келісіммен аяқталды

04/12/2023

Шардара аудандық сотының хабарламасы бойынша:
2023 жылғы 30 қарашада Шардара аудандық сотымен талап қоюшы А. жауапкер Р. қойған мұраға қалған мүліктің өзіне тиесілі 1/3 үлесін өндіру туралы талап қоюы бойынша қозғалған азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталды.
Істі қарау барысында татуластырушы судья татуластыру рәсімін жүргізіп, тараптарға медиацияның тиімділігін түсіндірді.
Нәтижесінде туыстардың арасындағы дау бітімгершілікпен аяқталды.

Азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталды

01/12/2023

  2023 жылғы 30 қарашада Шардара аудандық сотымен талап қоюшы А. жауапкер Р. қойған мұраға қалған мүліктің өзіне тиесілі 1/3 үлесін өндіру туралы талап қоюы бойынша қозғалған азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталды.  Істі қарау барысында татуластырушы судья татуластыру рәсімін жүргізіп, тараптарға медиацияның тиімділігін түсіндірді. Нәтижесінде туыстардың арасындағы дау бітімгершілікпен аяқталды.

Сонымен бірге, қарыз берешегін өндіру туралы екі азаматтық іс бойынша тараптар татуласып, сотпен медиациялық келісім бекітілді.

  

Сотта «Алқабилердің қатысуымен істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/12/2023
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
 Сотта «Алқабилердің қатысуымен істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 Аталған іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Мадалиев, Түркістан облысының прокуратура өкілі мен заң кеңесінің адвокаттары қатысты.

Беттер