Автокөлікті мас күйде басқарып, жол апатын жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1965 жылы туылған құқық бұзушы азамат А.Т. 15.12.2013 жылы сағат 03:00 шамасында Мақтаарал ауданы  Сайлау ауылы тұсында басқаруындағы «Опель Вектра» маркалы автокөлік құралын спирттік ішімдік ішіп алып, мас халде басқарып, жол көлік оқиғасын жасаған. Аталған факт бойынша 15.12.2013 жылы әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы хаттама  түзіліп, тиісті шара қабылдау үшін сотқа жолданған.

Психикалық белсенді заттарды пайдалану және мастық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудың қорытындысымен, құқық бұзушы Т.А. аталған құқықбұзушылық әрекетті «орта» дәрежелі масаю халінде жасағаны толық дәлелденеді.        

Сотт құқық бұзушы А.Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол осы баппен 4 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.         

Қаулы заңды күшіне енді.

   

Қазығұрт аудандық сотының баспасөз қызметі