Азаматтардың сотта құқығын қорғау мүмкіндіктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты судьялар мен сот мамандары, медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Азаматтардың сотта құқығын қорғау мүмкіндіктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді ашқан Еңбекші аудандық сотының судьясы С.Нурбекова әрбір азамат бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

«Дамыған және өркениетті әрбір мемлекеттің негізгі заңы болып елдің Конституциясы табылады. Бізде оны Ата заң деп те жатады. Ол заңды да, өйткені осы заңда мемлекет пен қоғамның негізгі принциптері, құрылымы, бағыты, бәрі-бәрі айқындалған»,- деді С.Нурбекова.

Сонымен қатар судья Конституцияның еліміздегі ең жоғары заңды күші бар акті болып табылатынын және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы жайлы айтып өтті. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі