Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Э.Ш. сотқа берген талап қою арызында жауапкер А.Т.-мен араларындағы заңды некені бұзуды сұраған.

Сот мәжілісінде талап қоюшы Э.Ш. талап қою арызынан бас тартатынын айтып, жауапкер А.Т. екеуінің арасында медиатордың көмегімен жасалған келісімді бекітіп беруді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Жауапкер А.Т. талап қоюшымен бітім-келісімге келгендерін, бір-біріне арыз-дауы жоқ екенін айтып, соттан аталған келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының ұйғарымымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауапкер А.Т. талап қоюшы Э.Ш-ға қол көтермеуге және отбасын асырап бағуға міндеттенетіні туралы жасалған бітім келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі