Азаматтық іс мүмкіндігі шектеулі баланың пайдасына шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында талап қоюшы Б.Э.-ның жауапкер Д.Б.-ға қойған ортақ мүлікті өзінде қалдыру, жауапкерге тиесілі мүліктің құнын өзінен өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Б.Э. жауапкермен араларындағы некелері бұзылғанын, некеде тұрған уақытта пәтер сатып алғандарын және ол пәтер жауапкердің атына рәсімделгенін көрсеткен. Сондай-ақ, жауапкермен араларында өзімен бірге тұратын мүгедек баласы бар екенін ескеріп, пәтерді өзінде қалдырып, пәтердің 30 пайыз бөлігінің құнын жауапкердің пайдасына өндіруді сұраған.

Сот талап қою арызын ішінара қанағаттандырып, пәтерді талап қоюшының иелігінде қалдыруға, жауапкердің пайдасына талап қоюшыдан пәтердің құнынан 40 (қырық) пайызын өндіруге шешім етті.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі