БАҚ үшін мәлімет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 10-11 сәуір аралығында Оңтүстік  Қазақстан облыстық сотының мәжіліс залында «Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау» тақырыбында аймақтық семинар өтеді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Алматы қалалық, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының және ҚР Әскери сотының судьялары мен прокуратура, адвокатура, әділет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Жариялылық және талқыланып жатқан заң жобасының ережелерін қалың көпшілікке  жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін семинарға қатысуға шақырамыз.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығы