Бала үш жасқа толғанша алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы  И. Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотына келтірген талап қою арызында, жауапкер К.-дан бала үш жасқа толғанша өзін асырап бағу үшін  алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер К., талап арызды ішінара мойындап, талап қоюшының пайдасына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының шешімімен, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 477 теңгеден алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі