Балабақшаның медициналық кабинетінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының  23.06.2016 жылғы қаулысымен «А.С.» бөбекжай балабақшасы Қазақстан Республикасының  ӘҚБТК-нің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік  жуапкершілік ретінде 212 100 тенге айыппұл салынды. «А.С.» бөбекжай балабақшасының медицина кабинеті 1 ай мерзімге тоқтатылды.

Сотта істі қарау барысында «А.С.» бөбекжай балабақшасының медициналық кабинеті санитарлық талапқа сай еместігі анықталды.

Сотта «А.С.» бөбекжай балабақшасының өкілі қазіргі таңда жіберілген кемшіліктерді түзету жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі