Барымташы жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175- бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын түрде ұрлағаны үшін  І.С.-ге қатысты сот үкімі шығарылды.

Қылмыскер 2013 жылғы 6 маусымда түн жамылып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша өзінің сыбайластары К.С., С.Ж., Н.С. және тергеу барысында анықталмаған «БМВ» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Ардақ» есімді азаматтармен бірге Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауылына келіп, жәбірленушілер Е.Ж., К.М., Е.Ж. және  К.М.-ларға тиесілі 4 бас жылқыны ұрлап, мал иелеріне ірі мөлшерде, жалпы бір миллион он мың теңге материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен сотталушы І.С., кінәлі деп танылды. Оғанң жеке мүлкі тәркілене отырып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі