Баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылдың 29 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Қ.Дүйсенбидің, Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Бектұрғановтың, осы соттың судьялары, кеңсе қызметкерлері, кәсіби, кәсіби емес медиаторлар және облыстық, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихаты өткізілді.

«Облыс соттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған медиа-жоспарға» сәйкес өткізіліп отырған бұл баспасөз маслихатында сот төрағасы А.Бектұрғанов 2013 жылы сотта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді. 

Облыстық баспасөз хатшысы сұхбат жүргізу барысында, аудандық соттардың жұмысына БАҚ тарапынан оң баға беріліп жатқанын,  2013 жылы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты үздік сот атанғанын, судьялармен мамандардың еңбегі ескеріліп жатқанын атап өтіп, ауданның шекаралас аймақ екенін, істердің көп қаралатынын, әсіресе 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылда жүктеме екі есеге артқанын айтты.

Қ. Дүйсенби Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына кеңінен тоқталып, осы Заңды іс жүзінде қолдануға жергілікті атқарушы билік пен барлық құқық қорғау органдары қолдау көрсетіп, оған барынша күш-жігерлерін салып, кейбір даулы істерді тергеу органдары мен сотқа жеткізбей-ақ, жергілікті беделді азаматтар мен ауыл билерінен кұрылған кәсіби емес медиаторлардың көмегімен шешуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін  айтты.  

Баспасөз маслихатының соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына  жауап берді.

Сарыағаш ауданының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі