Билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында билік өкілін қорлаған азамат Х.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Х.О. 09.03.2017 жылы Шымкент қаласы, Асар-2 шағын ауданы, Жаңақұрылыс көшесінің бойында мас халде кетіп бара жатқанында өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Қаратау полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы көріп, қоғамдық орында масаң күйде жүруге болмайтынын ескеріп, жеке басын растайтын құжаттарын сұрағанда жеке куәлігі жоқ екені анықталып, өзімен бірге учаскелік тірек пунктіне баруды талап еткенде нысанды киімде екеніне қарамастан бірнеше рет анайы сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін әдепсіз сөздер айтып, қорлаған.

Сот үкімімен Х.О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігіндегі көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 /жүз/ сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі