Бөтен мүлікті ашық тонағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 09 желтоқсан күні Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 178 бабының 3 бөлігі «б» тармағымен К.Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен сотталушы К.Қ. 24 тамыз 2014 жылы, түнгі сағат 03:30 шамасында, өзге адаммен бірге алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдана отырып, заңсыз тұрғын үй-жайға кіріп, жәбірленуші Б.Д. ның белбауында болған 10 000 /он мың/ АҚШ долларын тонап алғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сот сотталушы К.Қ.ға аталған баппен жеке мүлкін тәркілей отырып, 7 /жеті/ жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сотталушы К.Қ. жәбірленушіге материалдық шығынды өтемегені, ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанын ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген

Қайнар: 
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық соты