Бөтен мүлікті жасырын ұрлауға тұрғын үйге заңсыз кіргені үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот залынан!

 

Сотталушы А.О.А. 09.09.2014 жылы сағат 11:00 шамасында Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, Демеушов көшесі №137 санды өзінің тұрғын үйінің есік алдына шығып тұрып, сол уақытта оның ойына көршісінің  тұрғын үйіне заңсыз кіру арқылы бөтен мүлікті жасырын ұрлауға ойы туындайды.  Өзінің қылмыстық әрекетін жузеге асыру мақсатында көршісінің №93 санды Мылтыкбаева көшесінде орналасқан үйінің аумағына, бақшасы арқылы еркін өтіп, соңғының үйінде жоқ екенің пайдаланып, ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында, ас үйдің терезесі арқылы кірген. Осы уақытта үйдің иесі азаматша Т.К.А. жұмыстан үйіне қайтып келген. Оны көрген сотталушы А.О.А. өз ойындағы қылмыстық әрекетін аяқтай алмай, тез арада кірген терезеден қайтып шығып, қашып кетуге мәжбүр болып, оқиға болған жерден бой тасалаған

2 желтоқсан 2014 жылғы Түлкібас аудандық сотының үкімімен сотталушы А.О.А. бұрын сотталғанын, соттылығы жойылмағанын, әрекетінде қылмыстың қайталануы барын ескеріп,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  24- бабының 3- бөлігі, 175-бабы 2-бөлігінің «в» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жеке мүлкі тәркіленіп, жазасын өтеу қатаң режимдегі түзеу колониясы белгіленді

 

Үкім заңды күшіне енбеген

 

Қайнар: 
Онтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі