Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

14 қаңтар 2015 жылы Бәйдібек аудандық сотының мәжіліс залында аудандық соттың судьясы С. Байтенов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталып сотталған Б.Т.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.

Іс бойынша, сотталушы Б.Т. 25 тамыз 2014 жылы өзінің баcқаруындағы «Mitsubishi Spase Wagon» автокөлігімен Шымкент – Шаян бағытымен келе жатып, жол ережесінің талаптарын сақтамай, автокөлігінің рөлін игере алмай жол жиегіне шығып аударылған. Нәтижесінде Т.К. есімді жолаушы азамат алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Сот сотталушы Б.Т. -ны аталған баппен кінәлі деп тауып, оны 3 жыл мерзiмге көлiк басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі