Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс жүргізу тоқтатылды.

Іс құжаттарынан  анықталғандай талап қоюшы З.И. сотқа талып арыз түсіріп, онда жауапкер Б.Л.-дан 3 200 000 теңге берешекті және сот шығынын өндіруді сұраған.

Тараптардан сотқа олардың арасында кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі түскен.

Аталған тараптар арасындағы бітімгершілік шартында жауапкер Б.Л. талапкер З.И.-ның пайдасына адвокаттың қызметіне төленген 50 000 теңге және 3 200 000 теңгені ай сайын 20 000 теңгеден аудару жолымен 2017 жылдың тамыз айынан бастап 2030 жылға дейін төлеуге міндеттенген.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі