Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу келісімін жасау арқылы енесі мен келіні татуластырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер Ен-ге материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Алдын ала сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат берген.

Соттың ұйғарымымен талап қоюшы мен жауапкер арасындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген және келісім бойынша:

Талап қоюшы сотта қойған талап қою арызынан бас тартып, келінімен татуласқанына байланысты iс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Жауапкер талап қоюшымен татуласып, бір-біріне сыйластықпен қарауға келіскен.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылған.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі