Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында судьялар мен кәсіпқой емес медиаторлар арасында дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже талқыланды.

Талқылау барысында судья С.Кеңесова аталған пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттеріне, қағидаттарына, медиацияны жүргізу тәртібіне жеке-жеке тоқталып өтті.

Талқылаудан соң қатысушылар аталған пилоттық жобаның татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге және халықтың соттан тыс дауларды реттеу мүдделілігін ұлғайтуға септігін тигізетіндігі жөніндегі ойларын білдірді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі