Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты Тоғыс тұрғын алабында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.  Кездесуге Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының судьялары, кәсіпқой медиаторлар және БАҚ  өкілдері қатысты.

Кездесуде Еңбекші аудандық сотының судьясы Д.Мадемаров азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 26.01.2017 жылғы өкімімен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Ереженің бекітілгендігін,  бұл ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және «Медиация туралы» Заңға негізделіп, әзірленгендігі жайлы баяндады.             

Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады. Ал, жобаның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатындығына  тоқталды.

Шара соңында бұл жобаны іске асыру барысында тараптар арасындағы дау-дамайлардың неғұрлым тиiмдiлігіне, олардың балама тәсiлмен шешілуіне және татуластыруға зор ықпалын тигізетін келелі мәселелер жайында сұрақтар талқыланды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі