Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

10 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен Б.Тәжиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылған.

Cотталушы Б.Тәжиев 2015 жылдың қаңтар айының 17 күні сағат 11.30-дар шамасында отбасы-тұрмыстық қатынастан туындаған өзара жек көру негізінде пайда болған ұрыс-керіс барысында өзінің зайыбы Қ.Молдабекке қарсы күш қолданып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

ОҚО Төлеби аудандық сотының 10 наурыз 2015 жылғы үкімімен Б.Тәжиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108- бабымен кінәлі деп танылып, оған 198 200 теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі