Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қаммақа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында жұбайына қасақана жеңіл зиян келтірген азамат С.М. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Сарыағаш ауданы, Ақниет ауылындағы өзінің үйінде құқық бұзушы С.М. өзінің жұбайы Р.С. ұрып соғып, денсаулығына жеңіл дене жарақатын келтірген, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің түсінігі мен сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен және өзгеде іс құжаттарымен өз дәлелін тапты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С.М. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі