Денсаулыққа зиян келтiргені үшін бас бостандығынан шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының үкімімен жәбірленуші Ж.Т.-нің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргені үшін азамат Д.К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан шектелді.

Қылмыстық істегі материалға сәйкес, жәбірленуші Ж.Т.-нің Созақ ауданы Созақ ауылындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан жалдап отырған пәтерінде жәбірленуші Ж.Т. мен сотталушы Д.К.-нің арасында келіспеушілік туындап, өзара ерегіс кезінде Д.К. жәбірленушіні белінен көтеріп алып, пәтердің қонақ бөлмесіндегі шай ішетін үстелдің үстіне лақтырып жіберіп, денсаулығының үш аптадан көп мерзімге қалпынан бұзылуына әкеп соққан орта дәрежелі дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Азамат Д.К.-ны сот кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау туралы сот үкімі шығарды.

Үкім заңды күшіне енген.