Экономикалық сотта «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құқықтық жүйені дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Дөңгелек үстел» мәжілісінің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен судьялары, облыстық прокуратурасының, ОҚО Әділет, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының, Шымкент қаласы әкімі аппаратының, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының және БАҚ өкілдері қатысты.

 Іс-шараны өткізу барысында «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасында заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 19-қадамның жүзеге асырылу  барысы талқыланды.

ОҚО МАЭС төрағасы Б.Диханбаев сот саласында заң үстемдігін қамтамасыз ету барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауы маңызды қадамдардың бірі екендігін атап өтті.

«Дөңгелек үстел» мәжілісінің барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, барлық туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берілді. Күн тәртібіндегі идеялар мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына дұрыс үлесін қосатын болады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі