Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таяуда Сайрам аудандық сотында талапкер Т.И. жауапкер Ю.Ю.-дан неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптар медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды. Келісімге сай, жауапкер талапкерге жанұяны сақтап қалу мақсатында талапкерден кешірім сұрап, келешекте балалардың тәрбиесімен айналысып, жанұяда татулықты сақтауды міндеттеме берді, ал талапкер міндеттемесімен келісіп, өз кезегінде жанұяны сақтап қалуға ықпал жасай отырып, талап арыздан бас тартты. Сот ұсынылған келісімнің заңдылығын тексеріп бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі